Алматыда карантин күшейді. Демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді

Кафе, мейрамханалардың жұмыс уақыты 20:00-ге дейін қысқартылды


28/01/2021
10:49 41925 0

Фото: kursiv.kz

 

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін қалада карантинді күшейтетін қаулы шығарды. 

 

Сонымен, 1 ақпаннан бастап қалада: 

 

  • Коронавирус жұқтырған барлық адам (ауру белгісі жоғы да, бары да) ауруханаға жатқызылады;
  • Кинотеатр мен театрлар жұмыс істемейді; 
  • Сауда, ойын-сауық орталықтары дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін істейді, ал демалыс күндері жабық болады;
  • Жабық азық-түлік базарлары демалыс күндері істемейді, басқа күндері сағат 17:00-ге дейін ашық болады. Ашық азық-түлік базарларының жұмыс уақыты да сондай, бірақ тек жексенбі күні жабық болады;
  • Тамақтану орындары —  9:00-ден 20:00-ге дейін. Ойын-сауық, сауда орталықтарындағы кафе, мейрамханалардан тамақты тек алып кетуге болады. Уақыты — 7:00-ден 20:00-ге дейін; 
  • Сауна, СПА орталықтары, бассейндер — 8:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері істемейді;
  • Қазпошта мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары — 9:00–18:00-ге дейін. 

 

Бұрын Алматы коронавирус таралуы бойынша сары аймақтан қызыл аймаққа өткен еді. Бұл дегеніміз — қалада карантин шаралары күшейеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/01/2021 10:49
41925 0

Уведомление