Алматыда Ерболат Досаевқа қарсы митиң өтпек. Бұған әкімнің өзі рұқсат берген

Наразылар қала басшысын халық сайлауы керек дейді


04/02/2022
12:37 37104 0

Фото: tengrinews.kz

 

Алматыда қала басшысын сайлауды талап ететін митиң өтеді. Наразылықтың басты ұраны «Досаев (Алматы әкімі — ред.), кет!» болады дейді Orda.kz.  

 

Белсенділер әкімді жұрттың өзі таңдауы қажет дейді. Іс-шараға әкімдік рұқсат берген. Өтетін орны мен уақыты — Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алды, 5 ақпан, 14:00.

 

Бұрын белсенділер Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алу митиңін де өткізгісі келген. Бірақ әкімдік рұқсат бермеді. Оған «қаладағы эпидемия жағдайы» себеп болған. Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына сай, қалада көпшілікке арналған іс-шара өткізуге болмайды. Алайда бұған қарамастан белсенділер 13 ақпанда Республика алаңына шығып, аза тұту митиңін өткізбек.

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/02/2022 12:37
37104 0

Уведомление