Алматыда Демпартия жақтастары Байбек-Мамай ісінің шығынын жабу үшін қаражат жинады

Оларға плакат ұстаған бірнеше адам кедергі болды


25/08/2021
15:45 38717 0

Фото: Vlast.kz

 

25 тамызда Алматыда тіркелмеген Демократиялық партияның жақтастары басшысы Жанболат Мамай Байбек-Мамай ісі бойынша өтеуге мәжбүр айыппұлды төлеу үшін қаражат жинады. Жиынды Мамай Facebook парақшасында тікелей эфирден көрсетті. 

 

Оның алдында қала соты Мамайдың Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің шағымын қанағаттандырған шешіміне аппеляциялық арызын қарады. Vласть сот шешімін сол күйі қалдырған дейді

 

— 16 тамызда сотта аппеляциялық шағымымыз қаралды, судья Байбекті жақтап 15 минутта шешім шығарды. Кеше сот орындаушысы телефон соғып, шоттарымызды бұғаттайтынын айтты. Енді мен 400 мың, Жанболат 400 мыңдай теңге, бәрін қосқанда 1 миллиондай теңге төлеуге тиіспіз. Әлбетте, біздің мұндай қаражатымыз жоқ. Байбек адвокат қызметін төлей алмайтындай ақшасы жоқ болса, біз оған садақа деп қаражат жинап береміз, — деген Инга Иманбай Vласть-ке. 

 

Акция Саяхат автовокзалы маңында өтті. Демпартия жақтастарына «Мамай, халықты алдама», «Сот шешімін орында» деген плакаттар ұстап шыққан ер адамдар бөгет болды. Кейін белсенділер қала орталығына бет алды, ал ер адамдар олардың артынан ілесті. 

 

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек Мамай мен Иманбайдың үстінен қадір-қасиетім мен жұмыстағы беделіме нұқсан келтірді деп шағым түсірген еді. Оған белсенділердің Байбектің жемқорлыққа қатысы бар деген видеолары түрткі болған. Сот оларды кінәлі деп,  жазбаларды 10 күнде өшіріп, Байбектің іске кеткен шығынын өтейді деп шешім шығарды. Мамай мен Иманбай 400 мыңнан астам теңдеген өтеуге міндетті болды. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/08/2021 15:45
38717 0

Уведомление