Алматыда барахолка базарындағы қоймалар өртенді

1500 шаршы метр өрт аумағы сөндірілген


11/11/2022
13:18 20229 0

Алматыда барахолка базарындағы қоймалар өртенді. Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі 11 қарашада түскі сағат 12.40-та 1500 шаршы метр өрт аумағының сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ.

 

Аумақты полиция қызметкерлері қоршаған. Оқиға орнына өрт сөндіру автопойыздары жіберілгені хабарланды. Оңтүстік жақтағы конструкциялардың құлау қаупі жөнінде айтылды. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылған.

 

Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті өкілдері "айналада жүрген адамдардың, куәгерлердің өрт сөндіруге кедергі келтіргеніне" шағымданды. 

Өрттің нақты қай базарда болғаны айтылмайды. Ақпаратқа қарағанда, Жетісу ауданы Солтүстік айналма бөліктегі контейнерлер өртенген деп айтылады.

 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар көп.

 

Барахолка базарында арагідік өрт болып тұрады. Оған әр кезде, әр түрлі себеп айталады. Бірде өрт қауіпсіздігінің сақтамағандықтан десе, енді бірде газ баллонымен байланыстырады. Бірақ базар жұмысын жалғастырып келеді. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/11/2022 13:18
20229 0

Уведомление