Алматыда Азаматтық білім мектебі өтеді

Онда жастар адам құқығы негіздерін оқи алады, қатысу тегін


15/03/2021
13:05 43692 0

Фото: wikipedia.org

 

Қазақстан жастары ақпарат қызметі Алматыда 30 наурыз–22 сәуір аралығында Азаматтық білім мектебін өткізеді. 

 

Азаматтық білім мектебі — жастар адам құқығын оқып, біле алатын алаң. Онда олар танымал саясаттанушы, журналист, құқық қорғаушы, экономист пен бизнес сарапшыларымен танысып, адам құқығы негіздерін оқиды, пікір таластырады. 

 

Курс сабақтары аптасына екі рет, сағат 17:00–19:30 аралығында өтеді. Оқу тілі — орысша. Шараға 16–25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ол үшін анкета толтыру қажет. Дедлайн — 27 наурыз. Іріктеуден өткендерге ұйымдастырушылар қоңырау шалып, курстың егжей-тегжейін түсіндіреді.

Поделиться

Нет комментариев.

15/03/2021 13:05
43692 0

Уведомление