Алматыда Қанды Қаңтар құрбандарына арналған мемориал ашылды. Шараға тәуелсіз БАҚ кіргізілмеді

Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша, 238 адам қаза тапқан


23/12/2022
11:16 23474 0

Фото: qazaqstantv

 

23 желтоқсанда Алматыда «Қанды Қаңтар» құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Шараның өтетіні туралы алдын алда ақпарат құралдарында хабарланбады. 

 

«Азаттық» радиосының мәліметінше, Республика алаңы маңында полиция мен күштік құрылым қызметкерлерінің қарасы көп. Мемориалдың ашылуына мемлекеттік БАҚ-тан өзге журналистер кіргізілмеген. «Азаттық» радиосының тілшісін қауіпсіздік қызметінің өкілдері ескерткіш жаққа өткізбеген. Тоқаев сөйлеп жатқан уақытта президенттің «кортежін түсірмеңдер» деп «Азаттық» түсірілім тобын жолдың арғы бетіне ығыстырған. 

 

Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша, 238 адам қаза тапқан. Оның ішінде алты адам тергеу изоляторында көз жұмған. 

 

Құқық қорғаушылар мәліметінше, Қаңтарда 10 мың адам ұсталған. Олардың 70азапталған. 

 

Құқық қорғаушылар мен сарапшылар қантөгістен бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, қантөгістің ақиқаты ашылмағанын, негізгі сұрақтарға әлі күнге дейін жауап жоғын алға тартады. Құқық қорғаушылар мен белсенділер «қантөгісте қаза болғандардың басым бөлігі әскерилердің оғынан опат болғанын», соған қарамастан оқ атқандардың көбі жазасыз қалғанын айтуда. Билік «әрбір адам өлімі тергеліп, ашылады» дегенмен құқық қорғаушылар 238 адам өлімі бойынша тек санаулы істің ғана «ашылғанын» алға тартады. Бір күн бұрын Қаңтарда қаза болған 12 жасар баланың өлімі бойынша істің тоқтатылғаны белгілі болды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/12/2022 11:16
23474 0

Уведомление