Алматыда 18 жастағы қызды төрт ер адам зорлаған


14/12/2023
11:34 6103 0

Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматыда 18 жастағы қызды төрт ер адам зорлаған. Бұл туралы «Не молчи» қорының құрылтайшысы Дина Таңсәрі хабарлады.

 

Оқиға 17 қарашаға қараған түні болған. Қыз бала әпкесі және оның досымен бірге дүкенге шыққан. Қайтар жолда әпкесінің досы өзін нашар сезінеді. Сол кезде жолай өтіп бара көліктердің бірі жандарына тоқтап, жеткізіп салған. Кейін көлік жүргізушісі «заттарыңызды ұмытып кеттіңіз» деген желеумен жәбірленушіні шақыртып, артынша көлікке күштеп отырғызып, айдалаға алып кеткен. 

 

Қазір қызға заңгерлер кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

 

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бабымен тергеу басталғанын хабарлады. Қазір күдіктілердің бірінің жеке басы анықталып, қалған үшеуі іздестіріліп жатыр.

Поделиться

Нет комментариев.

14/12/2023 11:34
6103 0

Уведомление