Алматы тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды
Полиция департаменті түсініктеме берді
![](https://masa.media/storage/img/articles/imgt_1687415331.jpg)
Фото: Ашық дереккөзден
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 43 жастағы ер адам «өз-өзіне қол жұмсаған». Ол «танысынан көлік ұрлады» деген күдікпен ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
– Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм мас болған. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр, – делінген полиция мәлімдемесінде.
Марқұмның аты-жөні айтылмады. Туыстары да ақпарат құралдарына ешқандай мәлімет берген жоқ.
![](https://masa.media/img/default_avatar.png)
Нет комментариев.