Алматы полициясы Қытай консулдығының алдына барған белсенділерді ұстап әкетті

Бүгін наразылық басталғанына 304 күн болды


08/12/2021
13:09 38367 0

Фото: vlast.kz

 

Алматы полициясы Қытай консулдығының алдына Шыңжаңдағы туыстары босатылсын деп барған үш белсендіні ұстап әкетті

 

Алматы әкімдігінің өкілі Нұрзат Ермекбай, Байболат Күнболатұлы мен Халида Ақытхан әкімдік мақұлдамаған митиң ұйымдастырды (Қылмыстық кодекстің 488-бабы) дейді. 

 

Ақытхан полиция күштеп автобусқа отырғызып жатқанда есінен танып қалды. 

 

Еске сала кетейік, бір топ белсенді 304 күннен бері Қытайдың Алматыдағы консулдығының алдында барып, наразылық акциясына шығып жүр. Бәрі Шыңжаң лагерінде отырған туыстары босатылсын дейді. Қытай консулдығы бірде-бір рет бұған қатысты пікір бермеді. 

 

Акция басталғаннан бері наразылардың үстінен бірнеше рет іс қозғалды: айыппұл салынды, изоляторға қамалды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/12/2021 13:09
38367 0

Уведомление