Алматы облысында түрмеде зорлық көргенін айтқан әйел психиатриялық ауруханаға қамалды

Адвокаттар «сот осылай істі жаппақшы» дейді


14/12/2021
14:29 38244 0

Фото: tengrinews.kz

 

Алматы облысы Жауғашты аулындағы колонияда зорланғанын айтқан әйел сот шешімі бойынша психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Оның адвокаттары сот осылай зорлау және азаптау істерін жаппақшы дейді. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады.

 

«Жеке басымның қауіпсіздігіне байланысты түрме қызметкерінің аты-жөні мен лауазымын жаза алмаймын. Ол бірнеше ай бойы мені қорқытып, озбырлық көрсетіп келді. Қатаң тәртіптегі камерада төрт адам отырғанымызда ол маған тиісуге батпады. Кейін бейнекамерасы жоқ тәртіп изоляторына жалғыз өзімді жапқан соң ол мені зорлады. Денсаулығыма, өміріме қатты алаңдаймын. Олар мені жалғыз кісілік камераға жабамыз деп қорқытады, өзге сотталушыларды маған қарсы қойды. Адам төзгізсіз азаптау мен қоқан-лоқы көріп жатырмын», — деген 24 жастағы Ә. Ж. арызында. 

 

Оның адвокаты Виктор Тен қорғалушысы зорлық пен қысымға шыдамай, қасық пен шеге жұтқан, екі рет аман қалғанын айтады. Ә. Ж. екінші рет ауруханаға түскенде кезекте тұрған қыздан жағдайын құқық қорғаушыларға айтуды өтінген. 

 

Екі қылмыстық бап («зорлау», «азаптау») бойынша іс қозғалған. Колонияның бастығы Мадияр Қонқанов «Азаттыққа» іске қатысы бар деп күдікке ілінген төрт қызметкері жұмыстан шететтілгенін айтты. 

 

Жақында сот Ә. Ж. «тұлға ретінде дамуы бұзылған» деген диагнозына қарап психиатриялық ауруханаға жатқызылсын деп шешім шығарды. 

 

Заңға сай, азап көрген адамның психикалық жарақатының деңгейін анықтайтын сараптама жасалуы керек. Бірақ адвокаттар бұл процедура дұрыс өтпеді дейді. 

 

— Оның ақыл-есі орнында, өз ісіне жауап береді. Әлдебір жаттанды сөз емес, шындықты айтады. Ал олар қазір оны «есі дұрыс емес» деп тапса, істі жауып тастайды, — дейді адвокат Александр Ким.

Поделиться

Нет комментариев.

14/12/2021 14:29
38244 0

Уведомление