Алматы облысы Пенжім аулындағы мектепте жаппай төбелес болған. 16 жастағы оқушы ауруханаға түсті

Әлжеліде одан кейін жаппай тәртіпсіздік болған деген хабар тарады


28/10/2021
10:46 39391 0

Фото: tengrinews.kz

 

27 қазанда Алматы облысында Пенжім аулындағы орта мектепте оқушылар топ болып төбелесіп, біреуі ауруханаға түскен

 

Қазір оның жағдайы қалыпты, қажет медкөмек көмек берілген.

 

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарасақ, қақтығысқа ондаған бала қатысқан. Полиция төбелеске оқушылардың сөзге келіп қалғаны түрткі болған дейді. 

 

Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-тармағына («Екi немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана зиян тигізу») сай іс жүріп жатыр. 

 

Әлжеліде жанжалдан соң көшеде жаппай тәртіпсіздік болған деген хабар тарады. Видеодан үй өртенгенін, бір топ адам үйлерге тас атқылап жүргенін көруге болады. 

 

Полиция бұған мектептегі төбелестің қатысы бар-жоғын айтпады. Ондағылар ауылдағы жағдайды қадағалап отырмыз, бәрі тұрақты дейді. Аудан әкімі, облыстық ІІД бастығы мен ауыл ақсақалдары тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізген.

 

Пенжім аулы Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан. Онда көбіне қазақтар мен ұйғырлар тұрады. 

Поделиться

Нет комментариев.

28/10/2021 10:46
39391 0

Уведомление