Алматы әкімдігі жол ақысын қымбаттатпақ

Алматыда жол ақысын қымбаттатпақ


10/03/2022
11:19 31137 0

Алматы әкімдігі қоғамдық көліктердегі жол ақысын қымбаттатпақ. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттық депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Асхат Қабашев мәлімдеді. 

 

— Алматы мәслихатының 16 сессиясында негізгі мәселелерден бөлек, қоғамдық көліктердегі жол ақысын 80 теңгеден жоғарлату қарастырылды. Тарифті 20 теңгеге өсіріп, тасымалдаушыларға берілетін субсидия көлемін қысқарту арқылы қаланы дамытуға әжептәуір қаржы үнемдейміз,  — деді Қабашев. 

 

Бірақ депутаттың бұл мәлімдемесіне қала тұрғындары наразы. Әлеуметтік желілерде халық қала басшылығын қоғамдық көліктен қаржы үнемдемей, ешкімге керегі жоқ жобаларды қаржыландыруды тоқтатуға шақыруда. Олар әл-Фараби көшесіне жаяу жүргіншілерге арнап көпір салуды, тұңғыш президент саябағын реканструкциядан өткізудің қажеті жоқ деп есептейді.  

 

Айта кететін бір жайт, тұңғыш президент саябағын қайта жөндеуден өткізу құны 127 миллион теңге. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2022 11:19
31137 0

Уведомление