Алаш Орда туралы сериал, фильм мен кітаптар

Алаштағылар кезінде не деді


27/09/2021
14:15 9338 0

1937 жылы 27 қыркүйекте саяси және қоғам қайраткері, аудармашы Әлихан Бөкейхан ұлтшыл деп айыпталып атылды. 

 

Бөкейхан Алаш Орда көсемдерінің бірі еді. Алаштықтардың идеясы қандай болды, нені көздеді, неге атылды десеңіз, сұрағыңызға жауап беретін топтама дайындадық. Ішінде сериал, фильм, кітаптар, тіпті күй мен балет бар. 

 

«Тар заман», сериал 

 

Кеңес билігінің қазақ даласына келуі, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхандардың Алашорда үкіметі мен әскерін құруға талпынысы, Алаштағы саяси көзқарастың екіге бөлінуі, Сталиннің Бөкейханды Мәскеуге шақыруы, тұтқындауы — барлығы осы 12 сериялы фильмде көрсетіледі. 

 

YouTube-тағы «Қазақстан ұлттық арнасынан» көре аласыздар.

 

«Алаш көсемсөзі» кітабы 

 

10 томнан тұратын жинақ Алаш мүшелері әртүрлі газет-журналда шығарған мақала, жаңалықтарды бір жерге жинаған. 

 

Соларды оқып, 1930 жылдары Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы қандай ой қозғағанын, Қазақстанда не маңызды болғанын біліңіз. 

 

Кітаптарды kitap.kz сайтынан тегін оқи аласыз. 

 

«Алаш айтқан асыл сөз» кітабы 

 

Бұл кітапта Әлихан Бөкейхан бастаған алаштықтар айтқан қанатты сөздер топтастырылған. 

 

Кітапты «Қазақша кітаптар» Telegram арнасынан тегін жүктеп ала аласыз. 

 

«Қоңыр» күйі 

 

Авторы — Әбікен Хасенов. 

 

Шығу тарихы туралы бірнеше әңгіме айтылады. Бір дерек бойынша, аштықтан қырылған аулын көргенде туған күй десе, енді біреуі туған қызы өз қолында қайтыс болып автор осы күйді шығарған дейді.

 

Тағы бір аңыз болса, Сәкен Сейфуллин атылып кеткенде шығарды дейді. Енді бірі барлық Алаш арыстарына «Боздақтарым-ай» деп арналған туындысы деп айтады, — дейді «Күй аңызы» Telegram арнасы. 

 

«Әлихан Бөкейханов» балеті

 

Екі бөлімнен тұратын балетте «қазақтың қырағы, қия жазбас, екі сұңқары» — Шоқан Уәлиханұлы мен Әлихан Бөкейханның символикалық кездесуі көрсетіледі.

 

Шоқан Әлиханға ағартушылықтың белгісі бұрама қағаз — ұлт үшін күресетін қазақ интеллигенциясының басты қаруын табыстайды. 

 

Балетті kitap.kz сайтынан тегін көре аласыз. 

 

«Алаш туы астында» деректі фильмі  

 

Алаш алыптары туралы үш бөлімнен тұратын деректі фильм. «Қазақстан» ұлттық арнасы шығарған. 

 

Туынды Алаш Орда үкіметі мен оның әскері қалай қалыптасқаны, қазақ баспасөзінің бастауы, Сталин репрессиясынан алаштықтар қалай зардап көргені баяндалады. 

 

Фильм «Оян, қазақ», «Жарияланбаған автономия» мен «Қатерлі өткел» деген бөлімдерден тұрады.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

27/09/2021 14:15
9338 0

Уведомление