Абайдағы орман өрті құрбандарының туыстарына пәтер берілді

Өрттен 15 адам қаза тапқан


15/06/2023
17:44 12195 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Абай облысында орман өртінен қаза болғандардың туыстарына пәтер кілті табысталды. 

 

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласынан баспана кілті қаза болған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына да берілген. 

 

Орман өрті кезінде 15 адам қайтыс болған. Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев журналистерге Архипов «өрттен емес, жүрек ауруынан қайтыс болды, ол қаза тапқандар қатарына кірмейді» деп мәлімдеген. Бұл әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, елдің наразылығын туғызған. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/06/2023 17:44
12195 0

Уведомление