Абайдағы орман өрті ісі: Ахметов, Ұранхаев, Ильин және Сүлейменова тергеледі

Бас прокуратура іс жүріп жатқанын мәлімдеді


14/06/2023
12:27 16152 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қозғалған іс аясында жауапты адамдардың барлығы тергеледі. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. 

 

Оның сөзінше, Абай облысындағы орман өртіне байланысты екі бап – «Екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» және «Салғырттық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір екі істі де прокуратура тергеп жатыр.

 

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, осы іс бойынша алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова тергеледі. 

 

– Қазір екі істі бас прокуратура тергеп жатыр. Тергеу аясында өз міндетіне салғырт қараған, соның нәтижесінде әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы анықталады. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ. Барлығы жауапқа тартылады, – деді Өмірәлиев.

 

Абай облысындағы орман өрті салдарынан 1адам қаза тауып, 60 мың гектар жерді жалын шарпыған. Өрт әлі толық сөндірілген жоқ. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/06/2023 12:27
16152 0

Уведомление