Абай облысындағы өрт түтіні Талдықорған мен Жетісу облысына жетті

ТЖД тұрғындарды бетперде тағып жүруге шақырды


12/06/2023
11:09 12978 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Жетісу облысының Ақсу, Көксу, Алакөл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын Абай облысындағы орман өртінің түтіні басты. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

 

– Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысындағы орман өрті салдарынан, жел бағытының өзгеруінен Жетісу облысының бірнеше ауданын түтін басты. Сол себепті сабырлық сақтап, бетперде тағып жүрулеріңізді сұраймыз. Тыныс жолдары ауыратын, егде жастағы адамдарға үйден шықпауға кеңес береміз, – делінген ведомства мәлімдемесінде. 

 

Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында болған өрт салдарынан 14 адам көз жұмған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Нұрлан Ұранхановқа сөгіс беріп, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен алып тастаған.

 

12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған. Бүгін Абай облысындағы орман өрті кезінде тағы бір адамның жоғалғаны жөнінде ақпарат тарады. Далон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Архипов 10 маусымда өрт сөндіруге кеткен. Сол күннен бері одан ешқандай хабар болмаған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/06/2023 11:09
12978 0

Уведомление