«7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары жұмысын жалғастырады

«7-20-25» және «Нұрлы жер» ипотекалық бағдарламалары жұмысын жалғастырады


24/05/2022
10:31 31807 0

«7-20-25» және «Нұрлы жер» ипотекалық бағдарламалары бөлінген 500 миллиард теңге қаржы толықтай игерілгенге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл жөнінде индустрия және инфроқұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.

 

— Ұлттық Банктің есебі бойынша, қазіргі уақытта бағдарламаны жүзеге асыру үшін 500 млрд теңге резерв бар. Бағдарлама бөлінген қаржы толықтай игерілгенге дейін жүзеге асады, — делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

 

Бұған дейін Қазақстан билігі Ресейдегі демпингке (тауар мен қызметті жасанды түрде төмен бағамен сату) байланысты құрылыс нарығында баға түсуі мүмкін деп болжаған. Бұдан бөлек, ведомства үй кезегінде тұрғандардың 70 мыңның табысы күнкөріс шегінен төмен екенін мәлімдеген. 

 

Қазақстанда 2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болатынын мына жерден оқи аласыздар. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/05/2022 10:31
31807 0

Уведомление