65 жастан асқандар Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарын үйге шақыра алады

Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыру керек


03/09/2020
12:26 45602 0

Фото: alau.kz

 

Енді Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) 65 жастан асқан азаматтардың үйіне барып қызмет көрсететін болды. Бұрын мұндай құқыққа І және ІІ топтағы мүгедектігі барлар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері ие болған еді. Бұны ҚазАқпарат хабарлады. 

 

Орталық қызметкерлерін үйге шақыру үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдырып, мамандармен кездесу күні мен уақытын белгілеуі керек. Ал қызметкерлер азаматқа өтініш алғаннан кейін 7 күн ішінде баруы тиіс. 

 

Орталықтың хабарлауынша, барлық маман маска тағып, арақашықтық ұстанады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/09/2020 12:26
45602 0

Уведомление