6 шілдеде Алматыда наразылыққа шыққандарды полиция 10 сағат қоршауда ұстады

Демпартия бастаған митиңге 70–80 адам жиналды


07/07/2021
12:00 41056 0

Фото: vlast.kz

 

6 шілдеде Алматыда митиңге шыққан тіркелмеген Демократиялық партия жақтастарын полиция 10 сағат бойы қоршап тұрды. Мұны Vласть хабарлайды. 

 

Қоршаудан кейін жиын өткен жерде 20 шақты наразы қалған. Олар полиция құрсауынан шыққан соң жақтастары ұсталып, жеткізілген Бостандық ауданы полиция бөлімшесіне қарай бет алған. 

 

БАҚ хабарлауынша, митиңде жеті адам ұсталған. Ал Демпартиядағылар арнайы жасақтан тағы жеті адамы зардап шекті дейді: қозғалыс белсендісі Абзал Достияровтың басы жарылған, ал Дания Қалиева соққыға жығылған. 

 

Наразылық 12:00-де Абай-Байтұрсынұлы көшелері қиылысында басталды. Жиынға 70–80 адам жиналды. Олар елде Қытай зауыттарын салмауды, биліктің ауысуын талап етті. 


Осы күні Алматыдағы Астана алаңында бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов басқаратын Қазақстанның демократиялық таңдауы митиң өткіземіз деп хабарлаған еді. Полиция сол жиынға келмек болған 20 шақты адамды ұстап әкеткен. Журналистер «олар ұрандатқан жоқ, қолында қандай бір плакаттар болмады» дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

07/07/2021 12:00
41056 0

Уведомление