2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болады

Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламамен үй алуға болады?


19/05/2022
12:40 43176 0

«Ұмай» әйелдер ипотекасы

 

Бағдарламаның негізі шарттары: 

 

·      Отбасы табысы 320 мыңнан аспауы керек

·      Алғашқы жарна 0 ден 20 пайызға дейін, ол табыс көзі мен таңдалған үйдің бағалануына байланысты

·      Заем 13 жылға дейін беріледі

·      Жылдық пайыздық мөлшерлеме - 12 пайыз (қазіргі уақытта өзгеруі мүмкін)

·      Екі нарықтан да үй қарасытруға болады

·      Табыс көзі соңғы 6 айға расталуы керек

 

«Ұмай» бағдарламасымен тек әйелдер ғана үй ала алады. 

 

 

7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы 

 

7-20-25 - Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. 7-20-25 бағдарламасының операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ. Бағдарламаның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі 7,2 пайыз. Бастапқы жарна тұрғын үй бағасының 20 пайызын құрауы тиіс. Қарызды өтеу мерзімі 25 жыл. 7-20-25 - пен Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында 25 млн, Қарағандыда 20 млн, қалған өңірлерде 15 миллионға дейінгі үйлерді алуға болады. 

 

Ипотека алу үшін 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келу қажет: 

 

·      Қазақстан Республикасының азаматтығы;

·      Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;

·      Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

·      Ипотекалық кредиттерінің болмауы.

 

7-20-25 бағдарламасы биыл аяқталады. Әзірге оның орнын қандай бағдарлама басатыны белгісіз. 

 

«Алматы жастары» 

 

35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау биыл 18 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. 

 

Бағдарламаның шарттары: 

 

·      Қазақстан Республикасының азамат болуы тиіс.

·      Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген азамат қатыса алады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

·      Бағдарламаға қатысушының атында соңғы бес жылда тұрғын үй болмауы тиіс.

·      Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен кем дегенде соңғы 6 ай ресми жұмыс өтілімі болуы қажет. 

 

«Алматы жастары» сияқты астанада «Елорда жастары» бағдарламасы бар. 

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы

 

Бақытты отбасы - табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. 

 

Бұл бағдарлама бойынша әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрған адамдар үй ала алады, олар:

·      Көпбалалы отбасы (кем дегенде 4 бала)

·      Толық емес отбасы (ажырасқанына 3 жылдан асуы керек)

·      Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы (мүгедектіктің кез келген тобы).

 

Бағдарлама бойынша жаңа салынған үйден жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер мен жер үй сатып алуға болады. 

 

 «Нұрлы жер» бағдарламасы

 

Бұл тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Ол бойынша пәтер ақысының 10 пайызын жинап, 20 жылға дейін ипотека рәсімдеуге болады. Несие мөлшерлемесі - 5 пайыз.

 

«Нұрлы жер» бойынша жаңадан салынған немесе салынып жатқан үйлерді ала саласыз. Бағдарламаға қатысу үшін табысты міндетті түрде растау қажет. Қазіргі уақытта адам басына шаққандағы табыс 133 мың теңгеден аспауы тиіс. Мысалы, отбасыңызда төрт адам болса, жанұяның айлық табысы 532 мың теңгеден аспауы қажет. 

 

 

50/50 бағдарламасы

 

Бұл бағдарлама екінші деңгейлі банктердің көбісінде бар. Солардың бірі Отбасы Банкі. Егер алғыңыз келген үйдің 50 пайызын жинасаңыз, онда 5 пайызбен табысты растамай ипотека рәсімдей аласыз. Бірақ бұл жерде де бірнеше талапқа сай болу қажет.

 

Атап айтқанда: 

 

·      Отбасы банкінде міндетті түрде депозит болуы шарт;

·      Үш жылда ақшаның 50 пайызын жинап, бағалау көрсеткіші 16-ға толуы керек. Ол үшін үш жыл бойы ай сайын белгілі бір мөлшерде ақша салып отыру қажет. 

 

Қазір ипотекаға үй алу қаншалықты тиімді? 

 

Экономист Мақсат Халық қазіргі жағдайда ипотеканы арнайы бағдарламалармен ғана алған дұрыс дейді. Оның сөзінше, қазір үйдің бағасымен қатар ипотекалық несиенің де пайызы шарықтап тұр.

 

— Қазір ипотека алатын кез емес. Себебі қазір базалық пайыздық мөлшерлеме өсіп келе жатыр. Оны Ұлттық Банк 14 пайызға дейін көтерді. Тиісінше, ипотекалық несиелер 18 пайызға дейін шарықтап тұр. Оның өзі бер жағы ғана. Бұндай пайызбен ипотека алу ешқандай қисынға келмейді. Арнайы бағдарламалар арқылы ипотека алуға болады. Оның ішінде ең дұрысы 7 – 20 – 25 бағдарламасы болып көрінеді. Бірақ ол жерде де қиындықтар бар. Сіз ол бағдарламамен үй алатын болсаңыз, Астана мен Алматы қаласын айтатын болсақ, қаланың шетінен баспаналы боласыз. Оның өзінде пәтерді жоғары қабаттардан аласыз. Төменгі қабаттардан пәтер таппайсыз, өте аз. Ол бағдарлама халықтың игілігі үшін жасалғандай көрінеді. Бірақ құрылыс компаниялары 7 – 20 – 25 бағдарламасы бойынша үйді жоғары бағамен сатады. Егер сіз қолма – қол немесе жартысын төлеп алсаңыз басқа баға, 7 – 20 – 25-пен алсаңыз басқа баға... 



 

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/05/2022 12:40
43176 0

Уведомление