«17,2 млн доллар мен 11 қымбат көлік алынды». Мәсімов ісінің алғашқы деректері

Кәрім Мәсімовтың ісіне байланысты деректер жарияланды


10/03/2022
13:33 36457 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов ісіне байланысты алғашқы деректерді жариялады. 

 

— 2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды. Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды. Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қ. екі элиталық пәтер, Алматы қ. 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды— делінген ҰҚК таратқан мәлімдемеде.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Оған «мемлекетке опасыздық жасау», «лауазымын асыра пайдалану» айыбы тағылған. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2022 13:33
36457 0

Уведомление