11 қаланың әкімдігі Жыланбаевты қолдап митинг өткізуге рұқсат бермеді


17/01/2024
14:53 5088 0

Фото: Orda.kz

 

Алматы, Астана, Шымкент, Орал, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды және Павлодар әкімдігі жергілікті белсенділерге 17 қаңтарда Марат Жыланбаевты қолдау митингісін өткізуге рұқсат етпеді. Бұл жөнінде NoExtremists құқық қорғау сараптама тобы хабарлады. 

 

Әкімдіктер бейбіт жиын өткізуге рұқсат бермеулерін әртүрлі түсіндірген. Біра «митинг туралы ақпарат толық емес» десе, енді бірі «хабарламаны кеш өткізді» деп түсіндірген. «Митинг жоспарланған күні өзге шара өтеді» деген әкімдіктер де болған. 

 

16 қаңтарда Германия астанасы Берлинде суретші Раушан Толғанбаева мен тағы екі адам Жыланбаевты босатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізген. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода  белсенділер «Тоқаев, Маратты босат!» (Toqayev, free Marat!) деп айқайлап тұрғаны көрінген. 

Бұған дейін 19 қаңтарда Астанада апелляциялық сотта Марат Жыланбаевтың ісі қаралады деген ақпарат тараған. 

 

Қазақстан соты былтыр қарашада «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты 7 жылға соттағанОған «экстремистік ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Жыланбаев пен жақтастары істің саяси астары бар деген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2024 14:53
5088 0

Уведомление