1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Алдыңғы съезд үш апта бұрын өткен еді


18/02/2022
11:49 34866 0

Фото: vlast.kz

1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXІІ съезі өтеді дейді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов. 

Оның сөзінше, жиынға барлық өңірден делегаттар келеді. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушылармен бірге ұйымның жұмысын жаңарту мәселесін талқылайды. 

Nur Otan-ның алдыңғы кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өткен еді. Онда Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. Кейін президент партияның жұмысын тез арада жаңарту керегін айтты.

Поделиться

Нет комментариев.

18/02/2022 11:49
34866 0

Уведомление