Тоқаев Жақыпованы қызметінен алды
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.
Жарлық
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Мұғалімдіктен министрлікке дейін
Экс-министр бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болды.
Еңбек жолын Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәні мұғалімі болған. Кейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.
2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі Ұлттық сарапшысы болды.
16:05
193
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.