Exit-poll: қазақстандықтардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Қазақстанда өткен республикалық референдумда 12, 4 млн адам өз таңдауын жасады. Бұл – ел сайлаушыларының 73,24%-ы.
Өңірлік белсенділік
Орталық референдум комиссиясының дерегінше, ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелген. Мұнда сайлаушылардың 93,04% дауыс берген. Сондай-ақ Ақтөбе облысында қатысу деңгейі 87,05%, Шығыс Қазақстан облысында 86,42%, Жамбыл облысында 85,06%, Түркістан облысында 84,03%, Қарағанды облысында 84,30% болды.
Ірі қалалар арасында Шымкентте дауыс беруге 75,82% азамат қатысса, Астанада бұл көрсеткіш 60,36% деңгейінде қалыптасты. Ал ең төмен қатысу Алматы қаласында тіркеліп, 33,43% болды.
Exit poll нәтижесі
Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.
фото: zakon.kz
04:32
50
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.