Ерекше режим, пилотсыз көлік, цифрлық активтер: Алатау қаласын қандай өзгеріс күтіп тұр

Үкімет Алатау қаласының мәртебесін арнайы заңмен бекітеді.


18/03/2026
11:29 68 0

Ерекше құқықтық режим

 

Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

 

Заң жобасы Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді. Қалада озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді дамыту жоспарлануда.

 «Алатау қаласы бойынша заң жобасы салық салудың ерекше режимін қолдануды және инвестицияларды қорғауды көздейді. Парламентте екінші оқылым 27 наурызға жоспарланған», –   деп атап өтті  Серік Жұманғарин. 

Қаланың құрылуы

 

Еске салайық, 2024 жылдың басында Қазақстанда жаңа қала –  Алатау қаласы құрылды. Облыстың маңызы бар қала мәртебесін алған шаһар шекарасына Жетіген ауылының, Қонаев қаласының бір бөлігінің, сондай-ақ Іле және Талғар аудандарының аумақтары кірді. Жалпы аумағы –  88 мың гектар.

 

Алатау қаласы аумағында 97,9 мың гектар көлеміндегі «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Инвесторларға арналған салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер қарастырылған, бұл инвестиция ағынын ынталандыруға бағытталған.

 

Қаланы жобалау және салу бойынша бас кеңесші ретінде Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файн шақырылды. Ол –  Сингапур, Қытай, Индонезия, Вьетнам, Руанда және басқа елдердегі ірі жобалармен тәжірибесі бар халықаралық сарапшы.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/03/2026 11:29
68 0

Уведомление