Қазақстанда Конституция күнінің жаңа датасы жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы exit-poll нәтижесі жарияланғаннан кейін «Жаңа Конституциямыз құтты болсын!» деді.
Сондай-ақ «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесуінде Тоқаев Конституция күнінің жаңа датасын жариялады.
«Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.
Exit poll нәтижесі
Айта кетейік, Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
05:45
54
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.